ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен "Арселор Миттал Теміртау" қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады
Алматы. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов пен "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының бас директоры Франк Паннир кеше компанияның ағымдағы жылға жоспарланған қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.