ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі қазанда міндетті экологиялық сақтандыру туралы заң жобасын ортаға салады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі қазанда міндетті экологиялық сақтандыру туралы заң жобасын ортаға салады

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі қазанда міндетті экологиялық сақтандыру туралы заң жобасын ортаға салады

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2003-жылғы қазанда міндетті экологиялық сақтандыру туралы заң жобасын ортаға салуға тиіс. Бұл туралы бүгін, 25-маусымда Алматыда өткен "Табиған қорғау заңдарын жетілдіру, сапалық менеджмент және қоршаған ортаны басқарудың интеграциялық жүйесін енгізу" тақырыбындағы республикалық семинарда сөз сөйлеген ҚР қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары Еңлік Нұрғалиева хабарлады.

  • 25 Маусым 2003
  • 2095
Фото - Caravan.kz

Заң жобасын жасаушылардың (олардың арасында ҚР парламентінің депутаттары да бар) пікірінше, қазіргі қолданыста жүрген заңдарда, соның ішінде азаматтық құқық актілерінде табиғат тұтынушыларының өнеркәсіптік қалдықтарының залал-зардабының орнын толықтыру тетіктері толық қарастырылмаған. Сондай-ақ, осындай жағдайда үшінші жақ болып есептелетін зардап шеккен аудан тұрғындарының шеккен залал-зардабын өтеп беру жөніндегі тәртіп те ескерілмеген. Ал Қазақстандағы негізгі өнеркәсіп ошақтарының жұмысы көбінесе қазба байлықтарды өндіру және өңдеумен байланысты екені , және ондай өндірістер қоршаған ортаны айрықша ластайтындықтан тұрғындар денсаулығына зияндылығы белгілі.

Жобасы жасалып жатқан заң бойынша, еліміздің жекелеген аудандарында, шамамен 2005-жылдан бастап табиғат тұтынушыларының ауаға тастайтын зиянды қалдықтарының залал-зардабын сақтандыру тәжірибесі енгізілмек. Кәсіпорындар үшін қамсыздандыру төлемін анықтау әдістемесі қазір ҚР Ұлттық банкімен келісілуде. Бұл ретте қамсыздандыру төлемінің мөлшері кәсіпорынның потенциалдық қаупіне және онда қолданылатын табиғат қорғау технологиясына сәйкес белгіленетін болады. Жеткілікті тәжірибе жинақталғаннан кейін экологиялық сақтандыру тәртібі республиканың барлық облыстарында қолданылатын болады. Сөйтіп, табиғат қорғау заңының орындалуы екі жақты: министрлік және сақтандыру компаниясы тарапынан қадағаланатын болады. Ақырғы нәтижесінде бұл кәсіпорындарды мейлінше экологиялық технологияларды қолдана бастауға итермелемек.
Табиғатты тұтыну саласындағы қандай да бір іс-қызметке лицензия беруде қамсыздандыру жөніндегі келісімді міндетті түрде талап ету — бақылаушы мекемелер тарапынан кәсіпорындарға қысым жасаудың тағы бір құралы болмақ.
Е.Нұрғалиеваның айтуынша, министрліктің сарапшы тобы еліміздегі ірі кәсіпорындардың аталмыш заңды қабылдауға деген қуатты қарсылығын қазірдің өзінде сезіне бастаған. Алайда вице-министр өз мекемесінің бұл заңды белгіленген кестеден бұрын парламентке тапсыратынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар