ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі табиғатты пайдаланушыларға экологиялық сәйкестік сертификаттарын беруді жоспарлауда - Нұрлан Ысқақов - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі табиғатты пайдаланушыларға экологиялық сәйкестік сертификаттарын беруді жоспарлауда - Нұрлан Ысқақов

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі табиғатты пайдаланушыларға экологиялық сәйкестік сертификаттарын беруді жоспарлауда - Нұрлан Ысқақов

Астана. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі табиғатты пайдаланушыларға экологиялық сәйкестік сертификаттарын беруді жоспарлауда. Бұл туралы бүгін экологиялық рейтинг тағайындау мәселесіне арналған баспасөз мәслихатында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Қараша 2008
  • 452
Фото - Caravan.kz

«Министрлік келешекте бұқарамен бірлесе отырып экологиялық рейтинг қорытындысы бойынша кәсіпорындардың қызметіне экологиялық сәйкестік сертификаттарын беруді жоспарлауда «, — деді Нұрлан Ысқақов.

Министр компаниялардың экологиялық рейтинг тағайындауға мейлінше бюелсенді қатысатындығына сенім білдірді. «Бұл бағыттағы біздің стратегиялық мақсат — Қазақстандағы өнеркәсіп орындарының 80%-дан кем емес бөлігінің осы рейтингіге қатысатын болуы», -деді ол.

«Экономиканың дамуы қоршаған ортаға зиян келтірмеуі тиіс. Кез-келген компания өзінің бәсекелестерімен салыстырғанда өзінің экологиялық шығындарын төмендету мақсатын лаға қоя алады», — деді Нұрлан Ысқақов.

«Мәселен, танымал «Арселор Миталл Теміртау» компаниясы өз саласы бойынша рейтингтің орта тұсында (10 орын) және жалпы рейтингте 105-ші орында. Бұл орайда ауаға тасталатын қалдық мөлшерін 25% азайтса, оған өз көрсеткіштерін біршама жақсартып, салалық рейтингте 7-ші орынға, ал жалпы рейтингте 10 орынға көтерілуге мүмкіндік бар. Кез-келген кәсіпорын үшін жағдай осындай», -деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар