«Қазіргі жағдайда біз Ресейдің ғарыштық агенттігіне өкілдік туралы ережені жолдадық. Біз алдағы бірнеше тәулікте ондағы өкілдікті ашып, жұмысқа кірісеміз деп ойлаймын»,- деді А.Самақова. Байқоңырда Қазақстанның экологиялық өкілдігінің болмауы қисынға келмейді деп санайды министр.
Сонымен бірге ол Қазақстан және Ресей үкіметтері арасындағы 2005-жылдың 2-маусымында қол қойылған РФ жалға алған Байқоңыр кешені аумағында экология және табиғатты пайдалану жөніндегі келісімнің ережелеріне сәйкес, кәсіпорындар мен ұйымдардың қоршаған ортаны қорғауға қатысты іс-қызметі жеке хаттаманың негізінде айқындалуға тиіс, деді . «Қазір біздің министрлік хаттаманың жобасын жасап жатыр»,- деді А.Самақова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті