ҚР құрамасы Баку қаласындағы бокстан жастар арасындағы А.Агаларов Кубогында бес медальға ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР құрамасы Баку қаласындағы бокстан жастар арасындағы А.Агаларов Кубогында бес медальға ие болды

ҚР құрамасы Баку қаласындағы бокстан жастар арасындағы А.Агаларов Кубогында бес медальға ие болды

Баку қаласында өткен бокстан жастар арасындағы «А.Агаларов Кубогы 2011» халықаралық турнирінде Қазақстан Республикасының құрама командасы бес медальді жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстандық бокс федерациясының баспасөз қызметі.

  • 14 Желтоқсан 2011
  • 440
Фото - Caravan.kz

75 келі салмақ санатында Қызылорда қаласынан Тұрсынбай Құлахметов алтын медальды олжалады, Оңтүстік Қазақстаннан Олжас Қалаубек (49 келі) және Тараз қаласынан Әлішер Аман (91 келі) — күміс медальға ие болды. Астаналық Әділбек Әділжан (56 кеі) мен Оңтүстік Қазақстан облысынан Дінислам Әбдешев (81 келі) қола медальға қол жеткізді.

8-11 желтоқсан күндері өткен турнирге 9 қазақстандық спортшы қатысты, құрамада аса ауыр салмақтағы қолғап шеберлері болған жоқ.

Баку рингіне барлық 7 елден — Қазақстаннан, Әзірбайжаннан, Ресейден, Грузиядан, Украинадан, Үндістаннан, Өзбекстаннан 94 боксшы шықты.

Еске сала кетейік, Қазақстанның бокс федерациясының бас демеушісі — «ҚазмұнайГаз» ұлттық компаниясы.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера