ҚР Құс өсірушілер одағы отандық құс шаруашылығын дамытудың жаңа жобасын қолдамайды - kaz.caravan.kz
  • $ 544.87
  • 639.02
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Құс өсірушілер одағы отандық құс шаруашылығын дамытудың жаңа жобасын қолдамайды

ҚР Құс өсірушілер одағы отандық құс шаруашылығын дамытудың жаңа жобасын қолдамайды

Макроэкономикалық зерттеулер орталығы отандық құс шаруашылығын дамытудың жаңа жобасын ұсынды.

  • 10 Желтоқсан 2012
  • 410
Фото - Caravan.kz

Алайда, ҚР Құс өсірушілер одағы бұл бастаманы қолдап отырған жоқ.

Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергеновтың айтуынша, жаңа жобаға сәйкес, кейбір мемлекеттік субсидияларды қысқарту арқылы өнім өндіру көрсеткішін көбейтуге болады.

«Қазіргі кезде мемлекет құс шаруашылығы саласына тиісті бір аша көлемін бөледі де, оны салық, я болмаса, сан алуан қайырымдылық іс-шаралар арқылы қайтарып отырады. Ал жаңа жобада оның бәрін қысқартып, құс шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлер үшін әділ бәсекеде жұмыс істеулеріне жағдай жасалып отыр. Бұл жүйе ірі кәсіпорындар үшін тиімсіз болуы мүмкін. Бірақ шағын шаруашылықтарға оның тигізер пайдасы мол», — дейді О.Құдайбергенов.

Жаңа жүйе мемлекеттік субсидиялауды қысқартып, оның есесіне корпоративті және қосарланған құн салығын төмендетуді көздейді.

Дегенмен, ҚР Құс өсірушілер одағы Макроэкономикалық зерттеулер орталығының бұл бастамасын қолдап отырған жоқ. Ұйым жетекшісі Руслан Шәріповтың сөзіне қарағанда, аталған жоба көптеген құс фабрикалардың қатысуымен бірнеше рет талқыланған болатын. «Оны бірде-бір кәсіпкер қолдаған жоқ. Себебі қазіргі Кедендік одақ аясында мемлекеттік субсидиялардың маңызы зор. Мемлекеттік көмектің ондай түрі Ресейде де, Беларусьта да бар», — дейді Р.Шәріпов.