"ҚР сайлау туралы" заңының жобасын талқылауға арналған парламент палаталарының бірлескен отырысы 26-қаңтарға белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.91
  • 548.85
-16 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ҚР сайлау туралы" заңының жобасын талқылауға арналған парламент палаталарының бірлескен отырысы 26-қаңтарға белгіленді

"ҚР сайлау туралы" заңының жобасын талқылауға арналған парламент палаталарының бірлескен отырысы 26-қаңтарға белгіленді

ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбайдың бұйрығымен "ҚР сайлау туралы" заңының жобасын бірінші оқылымда талқылауға арналған парламент палаталарының бірлескен отырысы 26-қаңтарға белгіленді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен.

  • 16 Қаңтар 2004
  • 580
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, парламенттің қарауына «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» үш бірдей заң жобасы ұсынылған. Олардың біреуін үкімет ұсынса, қалған екеуін парламент депутаттарының екі тобы әзірледі. Алайда, соңынан «Отан» партиясының депутаттық фракциясы өз жобасын кері қайтарып алып, заң жобасының үкіметтік үлгісіне енгізілетін түзетулер топтамасын жолдады.

Сондай-ақ, палаталардың бірлескен отырысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасының лауазымына тағайындауға парламентпен келісу үшін жаңа үміткердің есемін ұсынады деп күтілуде. 2004-жылдың қаңтар айының басында Григорий Марченко ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалғаннан бері ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынтағы бос қалған болатын. Қазір Ұлттық банк төрағасының міндетін бұрынғы төрағаның орынбасары Әнуар Сәйденов уақытша атқаруда.