ҚР салық және кедендік заңнамасы шетелдік инвесторлардың көңілінен шықпайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР салық және кедендік заңнамасы шетелдік инвесторлардың көңілінен шықпайды

ҚР салық және кедендік заңнамасы шетелдік инвесторлардың көңілінен шықпайды

Шетелдік инвесторлар Қазақстандағы қызметінің проблемасын салық және кедендік заңнамасының нақсыздығынан көріп отыр, деп есептейді Salans LLP заңгерлік компаниясының әріптесі Қанат Сқақов.

  • 23 Маусым 2011
  • 531
Фото - Caravan.kz

«Шетелдік инвесторлар үшін (Қазақстанда — ҚазТАГ) басты проблема – салық және кедендік заңнаманың нақсыздығы. Қазақстандағы жемқорлықпен күрес жөніндегі бағдарламалар себеппен емес, салдармен күреседі. Жемқорлықтың экономиканы тежейтіні мемлекеттік деңгейде мойындалып отыр, ал мемлекеттік қызметтер (оларды көрсеті — ҚазТАГ) жемқорлықпен байланысты», — деді Қ. Сқақов бейсенбі күні Астанада АҚШ сауда палатасының экономикалық саясат бойынша форумында.

Оның пікірінше, Қазақстанға Ұлыбританияның тәжірибесін, «олардың жемқорлықпен күрес заңнамасын» пайдалану керек.

Еске сала кетейік, наурыз айында Қазақстанда жемқорлықпен күрес жөніндегі 2015 жылға дейінгі бағдарлама қабылданды. Оның басты міндеті халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қызметіне сенімділігін арттыру болып табылады.

Соңғы жаңалықтар