Жарияланды: 810

ҚР саясаткерлері Қазақстанның лаңкестік қауіп төндіретін елдер тізіміне кіруіне қатысты түсінбеушілік танытуда

ҚР саясаткерлері Қазақстанның лаңкестік қауіп төндіретін елдер тізіміне кіруіне қатысты түсінбеушілік білдіруде, деп «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партия хатшысы Қайрат Сатыбалдыұлы.

«Қазақстанда өздерін саясаткерміз дейтін адамдардың барлығында бұл жағдай таңданыс тудырған шығар», - деді ол жұма күні журналистердің осыған қатысты қойған сауалына жауап беріп. Оның айтуынша, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел тәуелсіздігінің 20 жылында елде «ұлтаралық, дінаралық келісім» гүлденуіне өте көп еңбек сіңірді. «Қазақстан ол үшін қолдан келгеннің бәрін істеуде. Мұның барлығы біреуден баға алу үшін жасалып отырған жоқ, мұның барлығы Қазақстанда тыныштық пен бейбітшілік орнығуы үшін жасалып отырған біздің ішкі және сыртқы қажеттігіміз», - деді партия хатшысы. «Әрине, барлық күш-жігерімізді осы бағытта жұмсап жатқанымызда бізге осындай деп баға беруі бізде таң қалушылық тудырары сөзсіз», - деп атап көрсете отырып, Қ. Сатыбалды «Төрелігін Құдай айтар, деп айтпаушы ма еді», деді. Оның пікірінше, мұндай шешім «ақпараттың жетіспеушілігінен болады, яғни адам ешнәрседен бейхабар бола отырып, қорытынды жасай салады». Бұрын хабарланғандай, шетелдік БАҚ мәліметтерінше, Қазақстан мен Түркменстан АҚШ-тың ерекше мигарциялық тізіміне енгізілген. Ол тізімдегі мемлекеттердің азаматтары лаңкесшіл ұйымдарға қатыстылығына мұқият тексерілуі тиіс. АҚШ билігі «Лаңкесшіл ұйымдарға және олардың мүшелеріне қолдау және көмек көрсету үрдісін танытатын мемлекеттер» деп аталатын бұл тізімді биылғы мамырда жариялады. Ағымдағы жылы 21 шілдеде Қазақстан сыртқы істер министрлігі Қазақстан өзін лаңкестік қауіп төніретін әлеуетті қауіпті мемлекеттер тізімінен АҚШ алып тастау шараларын қабылдайтын шығар деп үміт ететіні туралы мәлімдеме таратты. «Біз жұртшылыққа белгілі болған ақпаратқа қатысты үлкен түсініспеушіліктеміз және елеулі алаңдаушылықтамыз. Онда, кенет белгілі болғандай, АҚШ ұлттық қауіпсіздік министрлігі Қазақстанды «лаңкесшіл ұйымдардың даму, құрылу үрдісін, немесе олардың өкілдерін қорғайтын мемлекеттер» деп аталатын тізіміне қосыпты», - делінген бейсенбі күні таратылған ақпараттық баянда. «Қалыптасқан жағдай түбірімен ҚР мен АҚШ арасында қалыптасқан стратегиялық серіктестік рухына қайшы келеді. Біз американдық серіктестерден шұғыл түрде оны түзету жөнінде шаралар қабылдайды деп күтеміз», - делінген ҚР СІМ мәлімдемесінде. Республиканың аталған ұстанымын ҚР СІМ жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев АҚШ мемлекеттік департаментінің жоғарғы лауазымды өкілдерімен екіжақты кездесуінде білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін