ҚР Сенаторлары Санкт-Петербургте Еуразиялық әйелдер форумына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Сенаторлары Санкт-Петербургте Еуразиялық әйелдер форумына қатысты

ҚР Сенаторлары Санкт-Петербургте Еуразиялық әйелдер форумына қатысты

Сенат депутаттары Людмила Полторабатько, Ольга Перепечина және Михаил Бортник Санкт-Петербургте Еуразиялық әйелдер форумына қатысты.

  • 25 Қыркүйек 2015
  • 534
Фото - Caravan.kz

Форум барысында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі М.Бортник «Қазақстан халқы Ассамблеясы — әлеуметтік қауіпсіздік кепілі» тақырыбы бойынша баяндама жасады. 

Сенатор  ұлтаралық және конфессияаралық келісім өмірдегі шынайы көрініске айналғанын, оның қазақстандық үлгісі әлемдік қоғамдастықтың даму талаптарына жауап бере алатынын атап өтті. Ол 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін мерейлі жыл екені туралы хабардар етті. 

«Ассамблея өз тарихында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесу органынан құқықтық негізі бар қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға айналды», — деп атап өтті М.Бортник.

М.Бортник сондай-ақ Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында алға қойған, іске асыруға Ассамблея тікелей қатысатын міндеттерге назар аударды. Бұл бүкіл қазақстандық мәдениетті дамыту, ортақ рухани-адамгершілік құндылықтардың негізінде халық бірлігін нығайту, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу, мемлекеттік тілді және үш тілде білім беруді одан әрі дамыту, ашық мемлекетте қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету, ұлтаралық қатынастарды саясиландыруға жол бермеу, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ бойынша мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту болып табылады. 


Соңғы жаңалықтар