ҚР шекара әскерлері Қырғызстан аумағынан кетуге ниет білдірген Қазақстан азаматтарын шығарып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР шекара әскерлері Қырғызстан аумағынан  кетуге ниет білдірген Қазақстан азаматтарын шығарып жатыр

ҚР шекара әскерлері Қырғызстан аумағынан кетуге ниет білдірген Қазақстан азаматтарын шығарып жатыр

Қырғызстан шекарасындағы еліміздің тексеру-өткізу бекеттеріне Қырғызстан аумағынан кетуге ниет білдірген Қазақстан азаматтарын шығаруға нұсқау берілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР күш құрылымдарындағы ақпарат көзі хабарлады.

  • 25 Наурыз 2005
  • 465
Фото - Caravan.kz

Ал ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қырғызстан аумағынан адамдарды шығаруға тыйым салған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 25-наурыз күні таңертең Джалал-Абад қаласындағы Қырғыз-Түрік лицейінде оқып жүрген қазақстандық студенттер Бішкекке жеткізілді.
Кеше еліміздің Бішкектегі елшілігі Джалал-абадтағы студенттерді көшіру үшін 4 автобус жіберген. Елшіліктің бір қызметкері студенттермен бірге болды.
Студенттер бүгін Қордай шекара өткелегіне жеткізілді.
Елшіліктің хабарлауынша, Бішкек жоғары оқу орындарында оқитын Қазақстандық студенттер көмек сұрап елшілікке келуде. Елшілік оларды мүмкіндігіне сәйкес Қордайға жеткізуге шаралар қолданып жатыр.

Перейти к новостям спорта