ҚР шекара қызметінің орталық питомнигінде Орталық Азия елдерінің кинологтарына арналған тренинг басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР шекара қызметінің орталық питомнигінде Орталық Азия елдерінің кинологтарына арналған тренинг басталды

ҚР шекара қызметінің орталық питомнигінде Орталық Азия елдерінің кинологтарына арналған тренинг басталды

Бүгін, 7-ақпанда ҚР ҰҚК шекара қызметінің орталық питомнигінде Орталық Азия елдерінің кинологтарына арналған есірткі іздестіруге қатысты тренинг басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Ақпан 2005
  • 447
Фото - Caravan.kz

Тренингті Орталық Азия елдерінде есірткінің таралуына жол бермеу және шекараны басқару ісін жетілдіруге қолұшын беру бағдарламасы аясында Еуропалық Одақ қаржыландырып отыр. Үш айға созылатын тренинг шарасына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 20 шекарашы қатысады.

Шара барысында кинолог мамандар иісшіл иттерді асырау, өсіру және оларды есірткі іздеуге машықтандыру әдістерін меңгереді. Дәріс сондай-ақ инструкторларды дайындау, Орталық Азия елдерінің кинолог мамандары арасындағы аймақтық ынтымақтастықты нығайту мақсатын көздейді.
Шараға ҚР ҰҚК шекара қызметінің орталық питомнигінің, ҚР Кеден қызметі аймақтық кинологиялық орталығы мен ҚР ІІМ кинологиялық орталығының таңдаулы мамандары қатысады. Сонымен бірге оған Еуропадағы қызметші иттерді өсіруші жетекші кинологиялық мектептердің халықаралық мамандары шақырылған.

Перейти к новостям спорта