ҚР шекарасындағы көліктер 1 шілдеге дейінгі жеңілдікті мөлшерлемелер бойынша кедендік рәсімдеуден өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР шекарасындағы көліктер 1 шілдеге дейінгі жеңілдікті мөлшерлемелер бойынша кедендік рәсімдеуден өткізіледі

ҚР шекарасындағы көліктер 1 шілдеге дейінгі жеңілдікті мөлшерлемелер бойынша кедендік рәсімдеуден өткізіледі

Қазақстан шекарасындағы автокөліктер үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейінгі жеңілдетілгер мөлшерлемелер бойынша декларацияланады, деп мәлім етті Қаржы министрі Болат Жәмішев.

  • 20 Маусым 2011
  • 560
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі күні кеден комитеті 1 шілдеге дейін шекараға келетін автокөліктердің бәрі кедендік бақылаудан, кедендік рәсімдеуден өтуі бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Ақтау айлағында рейдте паромда тұрған автокөліктерге қатысты процедураларды паромда жүргізу мәселесі пысықталып жатыр. Егер олар 12 мильдік аймақта және порттың рейдінде орналасса», — деді Б. Жәмішев журналистерге дүйсенбі күні парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.

Министрдің айтуынша, «шекараға жеткен» барлық автокөліктерді рәсімдеу кеден комитетінің басты міндеті болып табылады.

«Көліктер сатып алынатын елден шықпағандардың, жолда келе жатқандардың бәрі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жеңілдікті мөлшерлемелер бойынша рәсімделе алмайды. Олар тек ортақ тариф бойынша ғана рәсімделеді», — деді қаржы министрі.

Б. Жәмішев үкімет 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін жеңілдікті кедендік мөлшемелер қолдануға рұқсат беретін халықаралық келісімдерге сәйкес, бұл мерзімді ұзарта алмайтынын айтты.

Сонымен қатар, ол 1 шілдеге дейін шекарада болатын барлық автокөліктерді рәсімдеуді қамтамасыз ету үшін кеден бекеттерінде қызметкерлердің штаты арттырылатынын, олар тәулік бойы жұмыс істейтінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар