ҚР СІМ ағылшын әзілкеші Коэннің МТҮ телеарнасындағы қылықтарына қатаң сын айтады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ ағылшын әзілкеші  Коэннің МТҮ телеарнасындағы қылықтарына қатаң сын айтады

ҚР СІМ ағылшын әзілкеші Коэннің МТҮ телеарнасындағы қылықтарына қатаң сын айтады

Бүгін, 14-қарашада журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев ҚР СІМ-нің атынан ағылшын әзілкеші Саша Барон Коэннің "МТҮ Europe Music Awards" марапаттау шарасының тұсаукесерінде жасаған қылықтарының "зығырданды қайнататын сүйкімсіздігін" айтып, қарсылық білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Қараша 2005
  • 457
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетсек, 3-қарашада Португалияның Лиссабон қаласында «МТҮ Europe Music Awards» марапаттау шарасының тұсаукесерінде Англияның жетекші әзілкеші Саша Барон Коэн (Sacha Baron Cohen) ойдан шығарылған Қазақстандық тележурналист Борат Сағдиевтің кейпінде Қазақстан мен оның саяси басшылығын кері бағытта бейнелейтін қойылым жасады.

«Біз «МТҮ Europe Music Awards» марапаттау шарасындағы Коэннің қылықтарын қазіргі заманғы өркениетті әлемдегі жалпыға ортақ мінез-құлық ережелері мен этикалық нормаларға сай келмейтін, көргенсіздік пен әдепсіздіктердің жиынтығы, талғамнан жұрдайлықтың нышан белгісі деп білеміз»,- деді Е.Ашықбаев. «Осындай шараларды ұйымдастырушылар ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға қол жеткізген елді келеңсіз ел ретінде сипаттап көрсету арқылы жауапкершілік жүктеп алады»,- деп атап өтті ол.
Е.Ашықбаев осы орайда «Коэннің Қазақстан мен оның халқын қаралау арқылы халықаралық деңгейде елімізге қатысты келеңсіз стереотип қалыптастыруға бағытталған саяси тапсырысты орындап отыруы мүмкін екенін» жоққа шығармады.
«Осы тектес қойылымдардың алдын алу үшін кез-келген заңды шараларды қолдану құқығымыз бар екенін еске саламыз»,- деп мәлімдеді ҚР СІМ-нің ресми өкілі.

Перейти к новостям спорта