ҚР СІМ Әзербайжан Республикасының елшісін қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ Әзербайжан Республикасының елшісін қабылдады

ҚР СІМ Әзербайжан Республикасының елшісін қабылдады

14-маусымда ҚР Сыртқы Істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасының елшісі Лятиф Гандиловты қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Маусым 2004
  • 313
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға ресми сапары және экономикалық мәселелер жөніндегі Қазақстан-Әзербайжан үкіметаралық комиссиясының биылғы наурыз айында өткен екінші отырысы барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер талқыланды.

Кездесуге қатысушылар барлық салада екі жақты қарым-қатынастарды дамыту қажеттігі жайында сөз қозғады. Сауда және экономика саласындағы нақты жобалар сарапқа салынды. Дипломаттар Астанада Әзербайжан Республикасының елшілігін ашу өзара тиімді екі жақты ынтымақтастыққа тың серпін беретінін атап көрсетті.

Перейти к новостям спорта