ҚР СІМ Азия ынтымақтастық диалогына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің ІІІ кездесуіне қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ Азия ынтымақтастық диалогына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің ІІІ кездесуіне қатысады

ҚР СІМ Азия ынтымақтастық диалогына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің ІІІ кездесуіне қатысады

ҚР Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Қытайдың Циндао қаласына аттанып кетті. Бұл жерде 21-22-маусымда Азия ынтымақтастық диалогына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің ІІІ кездесуі өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Маусым 2004
  • 465
Фото - Caravan.kz

Азия ынтымақтастық диалогына Азия құрлығының 22 мемлекеті мүше. Олардың арасында Жапония, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Индонезия, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Лаос, Малайзия, Сингапур, Таиланд, Филиппины, Оман, Кувейт т.б. елдер бар. Орталық Азия елдері арасынан тек Қазақстан ғана осы ұйымға 2003-жылы мүшелікке өтті.

Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, кездесу барысында Азия аймағындағы өзекті проблемалар бойынша интерактивті пікір алмасу өткізіледі. ҚР СІМ «Үндістан, Пәкістан, Таиланд және Жапония сыртқы істер министрлерінің қатысуымен «Азиядағы ынтымақтастық пен даму» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік семинарда сөз сөйлейді. Сондай-ақ, Қ.Тоқаев бірқатар Азиялық әріптестерімен жүздеседі деп жоспарланған.