ҚР СІМ: Бангкоктағы жарылыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ: Бангкоктағы жарылыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

ҚР СІМ: Бангкоктағы жарылыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

Бангкоктағы жарылыстан қаза болған мен жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлайды ҚР СІМ.

  • 18 Тамыз 2015
  • 300
Фото - Caravan.kz


«Соңғы ақпаратқа сәйкес, Бангкок қаласының туристік ауданында 2015 жылы 17 тамызда болған жарылыс нәтижесінде қаза болған мен жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтары анықталған жоқ.

Таиланд құқық қорғау органдарының жарылыстың қайталану қаупінің сақталынуы туралы ескертуін назарға ала отырып, Сыртқы істер министрлігі Бангкоктағы Қазақстан азаматтарына қаланың орталық аудандарына, адамдар көп жиналатын орындарға уақытша бармауға кеңес береді», — деп жазылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар