ҚР СІМ басшысы Палестина болашағы мен Таяу Шығыстағы үдерістер талқыланатын халықаралық форумға қатысады
16-18 қараша аралығында Әбу-Дабиде «Сыр Бани ЯС» халықаралық форумы өтіп, оның жұмысына ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қатысады. |
Бұл жайында Астанада өткен дәстүрлі апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«Іс-шара аясында Палестина болашағына және таяушығыстық үдерісті бейбіт түрде реттеуге, аймақтағы АҚШ саясатына, Сириядағы және онымен көршілес елдердегі өзгерістерге, исламның қазіргі деңгейдегі болашағына, сонымен қатар басқа да аймақтық және халықаралық мәселелерге қатысты сессиялық отырыстар өтеді деп күтілуде»,-дейді ресми өкіл.
Форум аясында министр Ерлан Ыдырысовтың бірқатар мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомство басшыларымен кездесуі өтеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін