ҚР СІМ бірқатар сыртқы саяси форумдарға қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ бірқатар сыртқы саяси форумдарға қатысады

ҚР СІМ бірқатар сыртқы саяси форумдарға қатысады

ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев 30-қарашадан бастап сыртқы істер министрлерінің деңгейіндегі бірнеше сыртқы саяси форумдарға қатысады. Бұл туралы бүгін, 28-қарашада журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Қараша 2005
  • 341
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, Е.Ашықбаевтың айтуынша, Қ.Тоқаев 30-қарашада Мәскеуде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарты ұйымына мүше-елдердің сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысады.

5-6-желтоқсанда Қ.Тоқаев еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына біріккен елдердің сыртқы істер министрлерінің Любляна қаласында өтетін жыл сайынғы кезекті кеңесіне атсалысады.
Сонымен бірге 8-желтоқсанда ҚР СІМ Солтүстік Атлантикалық Альянстың Брюссельдегі бас пәтерінде Евро-Атлантикалық әріптестік жөніндегі кеңесінің сыртқы істер министрлерінің бас қосуына қатысады.

Перейти к новостям спорта