Кездесу барысында «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас комиссарының мандатына байланысты кең көлемді мәселелер топтамасы талқыланды»,- деді Р.Экеус. «Сонымен бірге біз жалпы саяси ахуалға, қауіпсіздік саласындағы ахуалға және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының іс-қызметіне қатысты мәселелерді талқыладық»,- деді ол.
Р.Экеус «Қазақстанның 2009- жылы ұйымға төрағалық жасауға деген талпынысын қолдайтынын» тағы бір атап өтті.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілі Қазақстанда ұйының желісімен азшыл ұлттар істеріне қатысты бірнеше жоба жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. ҚР СІМ-нің мәліметіне сәйкес, атап айтсақ, Оңтүстік Қазақстан облысында көп тілді білім беруге септігін тигізу, ұлтаралық қарым-қатынастарды басқаруға машықтандыру және ұлтаралық қарым-қатынастарға мониторинг жүргізу жобалары іске асырылуда.
Р.Экеус «азшыл ұлт өкілдерінің пайдалануы үшін орыс тілі мен басқа да тілдерді сақтап қалу қажеттігін» атап өтті. «Мәселе тепе-тең көзқарас ұстануда жатыр»,- деді ол.