ҚР СІМ Ибрагим Жұмалиевке дипломатиялық құжаттар берілу дерегі бойынша қызмет бабындағы тексеру жүргізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ Ибрагим Жұмалиевке дипломатиялық құжаттар берілу дерегі бойынша қызмет бабындағы тексеру жүргізуде

ҚР СІМ Ибрагим Жұмалиевке дипломатиялық құжаттар берілу дерегі бойынша қызмет бабындағы тексеру жүргізуде

ҚР сыртқы істер министрлігі Ибрагим Жұмалиевке Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшілігінің дипломатиялық карточкасы мен дипломатиялық төлқұжат берілу берілу дерегі бойынша қызмет бабындағы тексеру жүргізуде. Бұл туралы бүгін, 24-қыркүйекте ҚР СІМ-інен таратылған хабарламада айтылған.

  • 24 Қыркүйек 2004
  • 1212
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, ҚР СІМ-інде И.Жұмалиевтің жеке басы мен іс-қызметі туралы мәлімет жоқ. Бұл азамат ҚР СІМ-нің орталық аппаратында да, Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшілігінде де ешқашан жұмыс істеген емес.

ҚР елшілігінің қызметкері деген дипломатиялық карточканы ҚР СІМ-нің дипломатиялық қызметке тағайындау туралы бұйрығына сәйкес және Қазақстан Республикасынң Мәскеудегі елшілігінің тиісті таныстыруы негізінде Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігі береді, дейді баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан азаматы И.Жұмалиев 22-қыркүйекте Мәскеудегі өз үйіне кіре берісте бірнеше оқ тиіп қайтыс болған. Мәскеуде жеке кәсіпкерлікпен айналысқан ол бұдан бұрын елшілікте Астана әкімшілігінің өкілі ретінде аккредитацияланыпты. Мәскеу қалалық ІІББ-ның ақпаратына сәйкес, И.Жұмалиев «ҚР президенті іс басқармасы өкілдігінің басшысы болған».
Бұл ақпаратты Ресейдегі бұрынғы Қазақстан елшісі Алтынбек Сәрсенбаев та растады. Ол И.Жұмалиевті тікелей танитынын хабарлады. Бұрынғы елшінің айтуынша, «қаза тапқан адам Иманғали Тасмағамбетовтың жақын досы болған». «ҚР президенті іс басқармасының өкіліне» дипломатиялық карточка жасап беру туралы оған И.Тасмағамбетов өтініш білдірсе керек.

Перейти к новостям спорта