ҚР СІМ мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының екеуара келіссөздері барысында Ирактағы ахуалды тұрақтандыру жолдары талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-18 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының екеуара келіссөздері барысында Ирактағы ахуалды тұрақтандыру жолдары талқыланды

ҚР СІМ мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының екеуара келіссөздері барысында Ирактағы ахуалды тұрақтандыру жолдары талқыланды

2-маусым күні Вашингтонға жасаған жұмыс сапары барысында ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлмен екеуара келіссөздер жүргізді. Келіссөздер барысында екі жақты қарым-қатынасқа, аймақтық саясатқа және соғыстан кейінгі Ирактағы ахуалды тұрақтандыруға қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы талқыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Маусым 2004
  • 563
Фото - Caravan.kz

Елшілер екі жақты қарым-қатынастардың үдемелі дамып келе жатқанын атап өтті. АҚШ мемлекеттік хатшысының атап көрсеткеніндей, «Қазақстанда демократияны нығайтуда айтарлықтай ілгерілеушіліктер байқала бастады». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың БАҚ туралы заң жобасын қабылдамай кері қайтаруы мен оның сайлау процессін жақсартуға бағытталған заңға қол қоюы ерекше атап өтілді.

Орталық Азия аймағындағы ахуалды талқылау барысында ҚР СІМ әріптесіне Орталық Азия ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының жуырдағы кездесуінің қорытындылары мен соғыстан кейінгі Ауғанстанды қалпына келтіру тұрғысындағы Қазақстанның ұстаным-көзқарастары туралы баяндап берді. Осыған байланысты Қ.Тоқаев аймақтағы есірткі тасымалы көлемінің арта түсуіне қарсы күресте бірлескен күш-жігерді одан бетер пәрмендендірудің маңызын атап өтті. Ол сондай-ақ, Қазақстан, Орталық Азия аймағы республикалары мен АҚШ арасындағы сауда-саттық және инвестиция жөніндегі жуырда ғана қол қойылған келісімнің маңызына тоқталды. Бұл келісім ұлттық экономикаларды дамытуға және аймақтағы жеке кәсіпкерліктің белсенділігін арттыруға қолайлы мүмкіндіктер тудырмақшы.
К.Пауэлл АҚШ басшылығы атынан «Қазақстандық әскери инженерлердің Ирактағы табысты жұмыстары үшін ризашылық білдірді». Ол Қазақстанның Иракқа қатысты табанды ұстанымын Вашингтонның үлкен ілтипатпен қабылдайтынын жеткізді.
Тараптар екі жақты қарым-қатынасқа қатысты өзекті проблемалар бойынша өзара диалог одан әрі жалғасын табады деген мәмілеге келді.
ҚР СІМ Вашингтон сапары барысында сондай-ақ, президент Джордж Буш әкімшілігінің басшылығымен және АҚШ Конгрессінің мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізеді.