Ақпараттың тексеріліп отырғанын да қоса кетейік. Айта кетсек, Францияның ұлттық мерекесін тойлап шыққан Ағылшын жағалауындағы көп қауымды бір қаскөй жүк көлігімен қағып, 80 адамды ажал құштырды. Куәгерлер жүк көлігі адамдарды қағып қана қоймай, маңайына оқ жаудырғанын айтады. Жүргізушінің 31 жастағы Тунис тумасы екені анықталды. Ницца мэрі Кристиан Эстрози оқиғаны шаһар тарихындағы ең қайғылы жағдай деп бағалады.