Атап айтсақ, БҰҰ-ның балалар қоры — ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Энна Венеманмен кездесуде ұйымның Қазақстандағы іс-қызметі талқыланды. Тараптар Семей полигонының аумағы мен Арал өңірін сауықтыру проблемасын шешудегі ЮНИСЕФ пен Қазақстан үкіметі арасындағы бұдан былайғы ықпалдастық жолдарын талқылады. Сұхбат барысында министр Қазақстан туралы шынайы мәліметтерді жинап пайдаланудың маңызына тоқталып өтті.
Ислам Конференциясы ұйымының бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноглу мырзамен кездесуде ұйымды реформалау мәселелері сараланды.
Араб елдері Лигасының бас хатшысы Әмір Мұсамен кездесуде Қ.Тоқаев Қазақстан мен араб елдері арасындағы қарым-қатынас тақырыбын тілге тиек етті.
Сонымен бірге ҚР СІМ Солтүстік Атлантикалық Альянстың бас хатшысы Яап де Хооп Схеффермен жүздесті. Келіссөздер барысында Қазақстан мен ұйым арасындағы ынымақтастық пен диалогты белсенді түрде одан әрі өрістету жөніндегі уағадаластыққа қол жеткізілді.
Сонымен бірге Қазақстандық бас дипломат өзінің Ауғанстан, Австралия, Бельгия Венгрия, Индонезия, Иордания, Иран, Малайзия, Палестина, Таиланд және Чили елдерінен келген әріптестерімен консультациялар өткізіп, олармен бірге екі жақты ынтымақтастық және халықаралық қарым-қатынастың өзекті проблемалары төңірегінде пікір алмасты. Министр АҚШ-тың сыртқы саясат жөніндегі ұлттық комитетінің мүшелері алдында сөз сөйлеп, американдық кәсіпкерлермен кездесуге қатысты.
ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінің хабарламасында атап көрсетілденіндей, ҚР СІМ Қ.Тоқаев БҰҰ-ның бас пәтеріне жасаған сапарының барысында жоғары деңгейлі 7 форумда сөз сөйлеп, БҰҰ Бас ассамблеясының мерейтойлық 60-шы сессиясына қатысқан өзінің әріптестерімен 37 кездесу өткізді. «Бұл — мерейтойлық саммиттің ең бір жоғары көрсеткіштерінің біріне саналып, халықаралық саяси ортада оң бағаға ие болды»,- делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті