Жарияланды: 390

ҚР СІМ Нью-Йоркте бірқатар кездесулер өткізді

Астана. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР СІМ Марат Тәжин Нью-Йоркте бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, М.Тәжин БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен және Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесті. АҚШ Мемлекеттік хатшысымен болған кездесуде тараптар аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты. "Азиядағы бүкіл заманауи геосаяси ахуал үшін Қазақстанның маңызды рольге ие екенін" атап көрсеткен К.Райс ханым, біздің елімізді "маңызды саналатын Орталық Азия аймағындағы ынтымақтастық жөніндегі ең сенімді серіктес" деп атады. Марат Тәжин өз кезегінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың орнықты екенін айта келіп, осынау қатынастарды әрі қарай мазмұнды түрде толықтыра түсудің қажеттілігі туралы мәлім етті. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету жайына тоқталған Мемлекеттік хатшы, осынау беделді халықаралық ұйымға төрағалық барысында біздің еліміздің бастамаларына қолдау көрсетілетінін мәлім етті. Дипломаттар осы бағытта бірлескен консультациялар өткізіп отыруға келісті. Қазақстандық дипломат, сондай-ақ АҚШ-тың сыртқы саясат ведомствосының өкілдерін қазан айында Астанада өтетін мұсылман және батыс елдері сыртқы істер министрлерінің "Ортақ әлем: көптүрлілік арқылы прогреске" конференциясына қатысуға шақырды. Түрікменстанның сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен болған кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен келешектегі бағыттары, Каспий өңіріндегі өзара іс-қимылдар мәселелері талқыланды. Марат Тәжин әріптесін қазан айында өтетін "Ортақ әлем: көптүрлілік арқылы прогреске" форумына қатысуға шақырды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть