ҚР СІМ Қазақстан азаматтарының Ресеймен арадағы мемлекеттік шекарадан өту тәртіптеріне түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ Қазақстан азаматтарының Ресеймен арадағы мемлекеттік шекарадан өту тәртіптеріне түсініктеме берді

ҚР СІМ Қазақстан азаматтарының Ресеймен арадағы мемлекеттік шекарадан өту тәртіптеріне түсініктеме берді

ҚР СІМ Қазақстан азаматтарының Ресеймен арадағы мемлекеттік шекарадан өту тәртіптеріне түсініктеме берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Мамыр 2005
  • 539
Фото - Caravan.kz

«Еліміз азаматтарының алаңдамауына болады. Азаматтарды шекарадан өткізуде үзіліс туындамайды»,- деп сендірді ҚР СІМ консулдық қызметі департаментінің директоры Уәлихан Қоңырбаев бүгін, 19-мамырда Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 24-наурызда Астанада ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер азаматтарының өзара визасыз қатынауы туралы келісімге қосымша хаттамаға қол қойылған. Ол 2005-жылдың 24-мамырында күшіне енеді. Хаттамаға сәйкес, ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің шекарасынан азаматтар ұлттық төлқұжат, дипломатиялық төлқұжат, қызмет бабындағы төлқұжат, теңізші төлқұжаты мен шетелдерде төлқұжатын жоғалтып алған азаматтар үшін отанына оралуға мүмкіндік беретін куәлік сынды бес түрлі құжаттың көмегімен өте алады. Құжатқа сәйкес, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің шекарасынан өткен кезде аталмыш елдердің азаматтары үшін ішкі төлқұжаттар қуатсыз етіледі. Алайда, 17-мамырда Челябинск қаласында кездескен Қазақстан мен Ресей президенттері екі ел азаматтары үшін Ресей-Қазақстан мемлекеттік шекарасынан өтудің бұрығы тәртібін сақтап қалу туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.
«Қазақстан мен Ресей арасында өзгеше қарым-қатынас орнағанын ескеру негізінде азаматтардың өзара барыс-келісін доғармау үшін президенттер өз мәлімдемесінде қажетті құжаттардың тізімінде ҚР және РФ азаматтары үшін жеке куәлікті,ал балалар үшін туу туралы куәлікті қалдыру туралы көрсетті»,- деді У.Қоңырбаев.
ҚР СІМ Консулдық қызметінің басшысы президентттер қол қойған мәлімдеме тиісті нормативтік-құқықтық құжаттарды қабылдауды талап етеді деп атап көрсетті. «Бұл — мемлекеттік мекемелердің міндеті және 24-мамырға дейін біз оларды қабылдап үлгереміз»,- деді У.Қоңырбаев.
Ол сондай-ақ қазір Қырғызстанмен екі арада ішкі төлқұжатпен қатынау мәселесі талқыланып жатқанын хабарлады. «Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы ортақ шекараны ескерген еліміздің министрліктері мен мекемелері бұл ұсынысты қолдады. Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр»,- деді ол. Бұл бағыттағы жұмыстар таяу күндерде аяқталады, деді консулдық қызмет басшысы.
Сонымен бірге Қазақстан мен Әзербайжан да ұлттық төлқұжат, дипломатиялық төлқұжат, қызмет бабындағы төлқұжат, теңізші төлқұжаты мен шетелдерде төлқұжатын жоғалтып алған азаматтар үшін отанына оралуға мүмкіндік беретін куәлік сынды бес түрлі құжаттың көмегімен шекарадан өту туралы келісімге қол қоюды көздеп отыр.

Перейти к новостям спорта