ҚР СІМ Қазақстан мен Ресейдің бірігетіні туралы дақпырттарды жоққа шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ  Қазақстан мен Ресейдің бірігетіні туралы дақпырттарды жоққа шығарды

ҚР СІМ Қазақстан мен Ресейдің бірігетіні туралы дақпырттарды жоққа шығарды

"Ресеймен бірігу немесе оған қосылу туралы Қазақстанда жоспар болып көрген емес". Бұл туралы бүгін, 31-қазанда парламент мәжілісінде өткен үкіметтік сағатта ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Қазан 2005
  • 384
Фото - Caravan.kz

«Екі ел өзара қосылып, әлдебір одақтас мемлекет құрмақшы-мыс деген жалған ақпаратты әлдекімдер БАҚ-тар арқылы таратуда. Ресеймен бірігу немесе оған қосылу туралы жоспар болып көрген емес дегенді ресми түрде мәлімдегім келеді»,- деді ол.

Сыртқы істер министрінің айтуынша, «Ресеймен арада ықпалдастықтың барлық қырларын қамтыған маңызды келісімдерге қол қойылған. Және бұл жұмыстар одан әрі жалғаса береді».
«Ресейдің саяси элитасы Қазақстанды өз елінің ет жақын одақтасы деп бекерге атамаса керек. Бұл екі ел арасындағы өзара шынайы сенімділік пен жақын достықтың айқын белгісі. Қазақстан Ресеймен арадағы стратегиялық ынтымақтастықты нығайту үшін қолдан келгеннің бәрін істеп келдім және солай бола береді»,- деп қорытты өз ойын Қ.Тоқаев.

Перейти к новостям спорта