ҚР СІМ қазақстандық жер учаскелерінің қытайлық фермерлерге жалға берілгендігі туралы бірқатар БАҚ-тарда жарияланған ақпаратты жоққа шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ қазақстандық жер учаскелерінің қытайлық фермерлерге жалға берілгендігі туралы бірқатар БАҚ-тарда жарияланған ақпаратты жоққа шығарды

ҚР СІМ қазақстандық жер учаскелерінің қытайлық фермерлерге жалға берілгендігі туралы бірқатар БАҚ-тарда жарияланған ақпаратты жоққа шығарды

Қазақстандық жер учаскелерінің қытайлық фермерлерге жалға берілгендігі туралы бірқатар БАҚ-тарда жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы бүгін, 8-қаңтарда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді хабарлады.

  • 8 Қаңтар 2004
  • 739
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, «қытайлық үш мың фермерге субарендаға беру үшін қазақстандық әлдебір шенеунік жерді жалға алу туралы келісім-шартына қол қойған» деген ақпарат Қытайдың бір газетінде жарияланды деді вице-министр. «Дипломатиялық арналар бойынша тексеру жүргізген министрлік мұндай келісім-шарттың болғаны өтірік деп нық сеніммен айта алады»,- деді М.Тілеуберді.

СІМ-нің орынбасары осы орайда шетелдік азаматтарға жерді жалға беру мәселесі үкіметтік деңгейде ғана шешіледі деп атап көрсетті. «Біздің пайымдауымызша, түрлі дақпырттарға тосқауыл қойып, мәселенің анық-қанығына көз жеткізетін мерзім жетті»,- деп мәлімдеді ол.
Осы орайда естеріңізге сала кетсек, 2003-жылдың желтоқсан айында Қытайдың China Daily газеті ҚХР Қазақстаннан фермерлік шаруашылықтарға арнап 17,3 мың акр (42,7 мың гектар) жерді жалға алғалы жатыр деп хабарлаған болатын. Сол мақалада атап көрсетілгеніндей, 10 жылға жалға алынатын жер Алакөл ауданынан бөлініп, бұл туралы келісім-шартына қол қойылып та қойған. Бірақ мақалада келісім-шартына қашан қол қойылғандығы және оның құны қаншаға бағаланғаны туралы ақпарат жарияланбаған. Сондай-ақ, қытайлық журналистер Қазақстан жерінде соя бұршағы, бидай тәрізді дақылдар өсіру, мал бағу үшін 3 мыңдай Қытайлық фермердің Қазақстанға келгелі жатқаны туралы хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар