Осыдан кейін Украина елшілігі Facebook-тегі ресми парақшасында Украина мен Ресейдің картасына қатысты наразылығын білдірді. "Астанада Нұржол желекжолында Astana Art Fest фестивалі аясында Украина картасы аумақтық тұтастық жағынан бұзылған. Ресей картасы Украинаның мемлекеттік егемендігінің бұзылуы белгілерімен бейнеленген. Украина тарапы ҚР Сыртқы істер министрлігінен түсініктеме мен әрекет күтеді", — деп жазылған елшіліктің парақшасында.