Жарияланды: 470

ҚР СІМ Қытай елшісімен кездесуде Елбасының алдағы көктемде осы елге жасайтын ресми сапарына дайындық жұмыстарын сарапқа салды

Бүгін, 12-қаңтарда Қытай астанасына аттанар қарсаңда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Қазақстандағы ҚХР Елшісі Чжао Сяо Пэймен кездесті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қ.Тоқаев 2004-жылғы 15-қаңтарда Пекинде іссапармен болып, онда Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Атқару хатшылығының ресми ашылу салтанатына және ШЫҰ Сыртқы істер министрлері Кеңесінің отырысына қатысады. Дипломаттар Азия құрлығындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосып отырған өңірлік ұйым ретінде ШЫҰ-ның әлеуетін арттыру қажеттігін атап өтті. Сұхбаттасушылар ҚР президенті Н.Назарбаевтың биылғы жылдың көктемінде Қытай Халық Республикасына жасайтын ресми сапарына дайындық жұмыстарына қатысты нақты мәселелерді талқылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін