ҚР СІМ Қытай елшісімен кездесуде Елбасының алдағы көктемде осы елге жасайтын ресми сапарына дайындық жұмыстарын сарапқа салды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ Қытай елшісімен кездесуде Елбасының алдағы көктемде осы елге жасайтын ресми сапарына дайындық жұмыстарын сарапқа салды

ҚР СІМ Қытай елшісімен кездесуде Елбасының алдағы көктемде осы елге жасайтын ресми сапарына дайындық жұмыстарын сарапқа салды

Бүгін, 12-қаңтарда Қытай астанасына аттанар қарсаңда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Қазақстандағы ҚХР Елшісі Чжао Сяо Пэймен кездесті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

  • 12 Қаңтар 2004
  • 453
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қ.Тоқаев 2004-жылғы 15-қаңтарда Пекинде іссапармен болып, онда Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Атқару хатшылығының ресми ашылу салтанатына және ШЫҰ Сыртқы істер министрлері Кеңесінің отырысына қатысады.

Дипломаттар Азия құрлығындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосып отырған өңірлік ұйым ретінде ШЫҰ-ның әлеуетін арттыру қажеттігін атап өтті. Сұхбаттасушылар ҚР президенті Н.Назарбаевтың биылғы жылдың көктемінде Қытай Халық Республикасына жасайтын ресми сапарына дайындық жұмыстарына қатысты нақты мәселелерді талқылады.

Соңғы жаңалықтар