ҚР СІМ Ресейде Федералдық қауіпсіздік қызметкерінің құлдығында болған қазақстандықтың ісін анықтау үстінде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ Ресейде Федералдық қауіпсіздік қызметкерінің құлдығында болған қазақстандықтың ісін анықтау үстінде

ҚР СІМ Ресейде Федералдық қауіпсіздік қызметкерінің құлдығында болған қазақстандықтың ісін анықтау үстінде

ҚР Сыртқы істер министрлігі ресейлік әріптестерінен Челябіде Федералдық қауіпсіздік қызметі қызметкерінің құлдығында болған қазақстандықтың ісі жөнінде толық ақпарат сұратты.

  • 30 Мамыр 2011
  • 304
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.

Оның айтуынша, Ресейден аталмыш істің негізгі мағлұматтары келіп түскеннен кейін, Қазақстан тарапынан аталған азаматтың құқығын қорғау бойынша тиісті қадамдар жасалатын болады.

«Челябі облысында қамалған азаматтың ісі жағдайынан біздің Омбыдағы консулымыз хабардар. Бұл жөнінде Ресей СІМ-нің Омбыдағы өкілдігіне және Челябі облысының ішкі істер органдарына тиісті хаттар жолданған болатын», — деді А. Әбдірахманов.

Қазақстанның Омбы қаласындағы консулдығының ақпараты бойынша, қазақстандық азамат өткен жылдың соңында босатылды.

Соңғы жаңалықтар