ҚР СІМ Ресейдің Қазақстан Республикасындағы елшісін қабылдап, ЕурАзЭҚ мен Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымына мүше-елдердің мемлекет басшыларының кездесуіне дайындық барысы талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ Ресейдің Қазақстан Республикасындағы елшісін қабылдап, ЕурАзЭҚ мен Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымына мүше-елдердің мемлекет басшыларының кездесуіне дайындық барысы талқыланды

ҚР СІМ Ресейдің Қазақстан Республикасындағы елшісін қабылдап, ЕурАзЭҚ мен Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымына мүше-елдердің мемлекет басшыларының кездесуіне дайындық барысы талқыланды

11-ақпанда ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Владимир Бабичевті қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Ақпан 2004
  • 397
Фото - Caravan.kz

Дипломаттар бұл кездесуде Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының ағымдағы мәселелерін талқылады. ЕурАзЭҚ мен Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымына мүше-елдердің мемлекет басшыларының биылғы маусым айына жоспарланған кездесуіне, сондай-ақ, ЕурАзЭҚ -қа мүше мемлекеттер үкімет басшыларының ақпан айының аяғында Алматыда өтетін отырысына дайындық барысы қаралды. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталған көп жақты келіссөздерді пәрмендендірудің маңызына тоқталды.

Сондай-ақ, бұл күні ҚР СІМ Куба істері жөніндегі сенімді өкіл Блас Набель Перес де Камехо мырзаны еліміздегі дипломатиялық миссиясын аяқтауына байланысты қабылдады.
Қ.Тоқаев Кубалық елшіге Қазақстандағы жемісті жұмысы үшін ризашылық білдірді. Блас Набель Перес де Камехоның белсенділігінің арқасында Кубаның еліміздегі дипломатиялық өкілдігі елшілік деңгейіне дейін көтеріліп, Қазақстандағы елші бүкіл Орталық Азия елдеріндегі елші қызметін қоса атқарды.
Кездесуде сондай-ақ, парламентаралық байланыстарды нығайтуда, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, ғылым, білім және денсаулық сақтау салаларындағы өзара ықпалдастықты дамытуда қол жеткізілген табыстар атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар