Елшінің айтуынша, министр Түрікменстан президенті Сапармұрат Ниязовтың қабылдауында болады. «Кездесу барысында министр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауын табыс етеді»,- деді ол.
Сапар барысында сонымен бірге Қ.Тоқаев өзінің Түрікменстандық әріптесі Р.Мередовпен келіссөздер жүргізеді,- деді Е.Ашықбаев.
«Екі жақты келіссөздер саяси, сауда-экономикалық, көлік, мұнайгаз және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтардың келешегіне арналады. Қазақстан -Түрікменстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау үдерістері жөніндегі Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы келісім-шартты бекіту жөніндегі грамота алмасуға қатысты хаттамаға да қол қойылады деп күтілуде»,- деді СІМ өкілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті