ҚР СІМ шекарадағы оқиға туралы Өзбекстан елшілігінің мәлімдемесін "дипломатиялық тәжірибеге сәйкеспейтін жауапсыздық" әрекет деп бағалайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ шекарадағы оқиға туралы Өзбекстан елшілігінің мәлімдемесін "дипломатиялық тәжірибеге сәйкеспейтін жауапсыздық" әрекет деп бағалайды

ҚР СІМ шекарадағы оқиға туралы Өзбекстан елшілігінің мәлімдемесін "дипломатиялық тәжірибеге сәйкеспейтін жауапсыздық" әрекет деп бағалайды

Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі Өзбекстан елшілігінің шекарадағы төтенше оқиға туралы 22-қыркүйекте Алматыда жасаған мәлімдемесін "дүниежүзілік дипломатиялық тәжірибеге сәйкеспейтін жауапсыздық" әрекет деп бағалайды. Бұл туралы бүгін, 23-қыркүйекте Астанада ҚР СІМ-нің орынбасары, ТМД істері жөніндегі комитет төрағасы Нұрлан Оңжанов хабарлады.

  • 23 Қыркүйек 2003
  • 1175
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, «мұндай әрекет 1998-жылдың 31-қазанында қол қойылған екі ел арасындағы мәңгілік достық туралы Келісімнің баптарына қайшы келеді»,- дей келіп ол : «ҚР СІМ Өзбекстаннның шекаралық қызметтері тұрғысынан Қазақстан азаматтарына қарсы ешбір себепсіз қару қолдану әрекеттерін назардан тыс қалдыра алмайды»,- деп мәлімдеді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 4-қыркүйекте Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында Оңтүстік Қазақстан облысының Бағыс ауылы аумағында төтенше оқиға болып, Өзбекстандық шекарашылардың қару қолдануы салдарынан Қазақстандық бір азаматқа оқ тиген болатын.
22-қыркүйекте Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан елшілігі мәлімдеме жасап, «Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында екі ел арасындағы қарым-қатынасқа кері сипат беретін шынайы емес ақпараттарды жариялау белең алды» ,- деп хабарлаған болатын. Сондай-ақ, елші болған төтенше оқиға туралы жұртшылыққа шынайы ақпарат беруде жайбасарлық танытып отырған Қазақстандық ресми органдардың позициясын Өзбекстан жағының түсіне алмағанын жеткізген болатын.
Н.Оңжановтың айтуынша, аталмыш мәлімдемеде Қазақстанның мемлекеттік қайраткерлерінің атына ешбір негізсіз жала жабылған. Атап айтсақ, оларға халықты Өзбекстанға қарсы қоюға итермеледі деген айып тағылып отыр. Бұл мәлімдемеден кейін Қазақстан жағының бастамасымен ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Өзбекстан сыртқы істер министрі Садық Сафаевпен телефон арқылы әңгімелесті. ҚР сыртқы істер министрлігі сондай-ақ, алдағы уақытта осындай әрекеттерге тосқауыл қоюды талап етіп нота жолдады.
Н.Оңжановтың атап көрсетуінше, тек биылғы жылдың өзінде Өзбекстан тарапынан Қазақстан шекарасын бұзу оқиғасы 1127 мәрте тіркелген. Соған қарамастан Қазақстандық шекарашылар бірде-бір мәрте қару қолданған жоқ. Ал 2002-жылдың қараша айынан бері Өзбекстандық шекарашылар тарапынан Қазақстандықтарға оқ ату оқиғасы 5 рет тіркелді. Соның салдарынан бір Қазақстан азаматы мерт болып, бір адам жарақаттанды. Ал Өзбекстаннның құқық қорғау мекемелері болса, бұл әрекеттерді заңды деп дәлелдеуге тырысады.
Осындай төтенше оқиғалардың алдын алу үшін келіссөздер жүргізу қажеттігі айқын. Алайда, Н.Оңжановтың айтуынша, Өзбекстан жағы Қазақстанның бұл туралы ұсыныстарына үн қатпай отырған көрінеді.

Соңғы жаңалықтар