ҚР СІМ Солтүстік Атлантикалық Альянстың Солтүстік Атлантикалық әріптестік кеңесінің және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының форумдарына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ Солтүстік Атлантикалық Альянстың Солтүстік Атлантикалық әріптестік кеңесінің және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының форумдарына қатысады

ҚР СІМ Солтүстік Атлантикалық Альянстың Солтүстік Атлантикалық әріптестік кеңесінің және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының форумдарына қатысады

ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев Солтүстік Атлантикалық Альянстың Солтүстік Атлантикалық әріптестік кеңесінің отырысы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесінің форумдарына қатысады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Желтоқсан 2004
  • 401
Фото - Caravan.kz

Бүгін, 6-желтоқсанда София қаласында ашылатын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесінің 12-ші отырысында Қ.Тоқаев осынау Еуропалық ұйымды реформалау тақырыбында баяндама жасайды. Екі күнге созылатын форум барысында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының сыртқы істер министрлері ұйымның іс-қызметі мен оны дамыту туралы пікір алмасады.

Ал 9-желтоқсанда Брюссельде ашылатын Атлантикалық Альянстың Солтүстік Атлантикалық әріптестік кеңесінің отырысы аясында ұйымның биылғы маусым айындағы саммитінде қол жеткізілген уағдаластықтарын жүзеге асыру перспективасын талқылау көзделіп отыр.
Қазақстан бұл екі ұйымның жұмысына 90-шы жылдардың басынан бері атсалысып келеді.
Қазақстан кейінірек Солтүстік Атлантикалық әріптестік кеңесі болып қайтадан құрылған Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесіне 1992-жылы мүшелікке өткен. 1994-жылы сондай-ақ, Қазақстан «Бейбітшілік үшінгі әріптестік» бағдарламасына бірікті.
Ал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына Қазақстан 1992-жылдың қаңтар айынан бері мүшелікке өткен. Республика бұрынғы кеңестік елдердің арасынан бірінші болып ұйымға 2009-жылдан бастап төрағалық жасауға ниет білдіріп отыр.

Перейти к новостям спорта