Кездесу барысында өзара мүдделілік тудыратын кең көлемді мәселелер топтамасы талқыланды. Тараптар екі жақты және халықаралық форматтағы ынтымақтастықтың қырлары туралы пікір алмасты.
Мемлекеттік жаңалықтар қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында экономика, бірінші кезекте екі ел үшін бірдей стратегиялық бағыт болып табылатын отын-энергетикалық кешен саласындағы конструктивті әріптестікті нығайту қажеттігі атап көрсетілді. Түрікменстан мен Қытай арасындағы құбыр жобасын жүзеге асыру жайын талқылаған сұхбаттасушылар екі және көп жақты негізде тиімді ықпалдастыққа дайын екенін атап өтті. Осы орайда экспортық газ құбыры аумағы арқылы өтетін Қазақстанның транзиттік әлеуетінің айрықша маңызы атап өтілді.
Қазақстанның бас дипломаты Түрікменстан жетекшісіне Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауы мен ыстық сәлемін жеткізді.
Сәлемді қабыл алған С.Ниязов Қазақстан мемлекет басшысына ақ тілектер айтып, түрікменстандықтардың қазақ халқымен ғасырлық достығын айрықша құрметтейтінін жеткізді.
Кездесуге Қазақстанның Түрікменстандағы елшісі Марат Атанов қатысты.
Сол күні ҚР СІМ Түрікменстандық әріптестерімен келіссөздер жүргізді. Онда ратификациялық хаттармен алмасу және тиісті хаттамаға қол қою рәсімдері өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті