ҚР СІМ-нің ресми өкілі РФ аумағында жұмыс құлдығына түскен Қазақстан азаматтарына қатысты мән-жайды айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ-нің ресми өкілі РФ аумағында жұмыс құлдығына түскен Қазақстан азаматтарына қатысты мән-жайды айтып берді

ҚР СІМ-нің ресми өкілі РФ аумағында жұмыс құлдығына түскен Қазақстан азаматтарына қатысты мән-жайды айтып берді

Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев РФ аумағында жұмыс құлдығына түскен Қазақстан азаматтарына қатысты мән-жайды айтып берді.

  • 6 Қараша 2012
  • 388
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Консулдық бөліміне тұрақты түрде Мәскеуде құлдыққа түскен қазақстандық азаматтарға қатысты ақпарат түсіп отырады. Консулдық бөлім ақпараты бойынша, қазіргі таңда Ресей азаматтары болып табылатын, Оңтүстік Қазақстан тумалары, мәскеулік азық-түлік дүкен желілерінің қожайындары, ерлі-зайыпты Рашид және Жанна Мұсабековтар заңсыз жұмысқа салу мақсатында Қазақстан азаматтарын бірнеше рет Ресейге шығарып алуға тікелей қатысы анықталған. Бұл фактілер бойынша біз ҚР құзырлы органдарына тиісті ақпараттар жолдап, Ресей азаматтары тарапынан заңсыз іс-әрекеттердің алдын алу бойынша тиімді шаралар қабылдау туралы сұраныс жеткіздік»,-деді реми өкіл.

Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар Қорған облысының Куртамыш ауданында Фермер қожалығының басшысы мен оның көмекшісі Қазақстан Республикасының екі азаматын зорлықпен құлдықта ұстап отырған деген ақпарат келіп түсті. Қазіргі таңда аталған тұлғалардың азаматтығын анықтау мақсатында Омск қаласындағы Қазақстан Консулдығы осы ауданның тергеу органдарына тиісті сұраныс жолдады.

«Қазақстан азаматтығы расталған жағдайда Сыртқы істер министрлігі айыпталушылардан материалды және моральдық зақымдарды толығымен өтеуді талап ететін болады. Сонымен қоса, айыпталушылардың кінәсі дәлелденген жағдайда, Қорған облысы тергеу органдарын айыпталушыларды Ресей заңнамасының барлық қатаңдығымен жазалауды сұрайтын боламыз»,-деп түйді А. Әбибуллаев.

Соңғы жаңалықтар