ҚР Сыртқы істер министрі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің атқарушы директорымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Сыртқы істер министрі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің атқарушы директорымен кездесті

ҚР Сыртқы істер министрі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің атқарушы директорымен кездесті

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов бүгін Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің атқарушы директоры Чинар Алдемирді қабылдады,

  • 22 Маусым 2011
  • 361
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.

Министр, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің бастамасы лайықты дамып, әлемдік қоғамдастықтың арасында беделге ие болып келе жатқанын, процестің БҰҰ-ның Орталық Азиядағы лаңкестікпен күресу жөніндегі, Ауғанстан жөніндегі жұмыс топтарына, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның превентивті дипломатия және қақтығыстардың алдын алу жөніндегі жұмыс тобына қосылуы осының бірден-бір айғағы екенін атап көрсетті.

Кеңестің қазіргі төрағасы — Түркия туралы айтқан Е.Қазыханов, ресми Анкараның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің үдерісіне көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді.

Қазақстан министрі АӨІСШК атқарушы директорын сондай-ақ, 28-30 маусымда Астанада өтетін Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесі 38-ші сессиясының күн тәртібімен таныстырды.

Соңғы жаңалықтар