ҚР сыртқы істер министрі БҰҰ Бас Ассамблеясы 58-сессиясының пікірталастарына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР сыртқы істер министрі БҰҰ  Бас Ассамблеясы 58-сессиясының пікірталастарына қатысады

ҚР сыртқы істер министрі БҰҰ Бас Ассамблеясы 58-сессиясының пікірталастарына қатысады

Қыркүйектің 20-30 жұлдызында ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 58-сессиясының негізгі пікірталастарына қатысады. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан таратқан хабарламада айтылған.

  • 22 Қыркүйек 2003
  • 464
Фото - Caravan.kz

Сессия барысында ҚР сыртқы істер министрі БҰҰ Бас Ассамблеясының ВИЧ/СПИДпен күрес жөніндегі Декларациясының орындалу барысына арналған жоғары дәрежелі жалпы отырысында сөз сөйлейді. Сондай-ақ, Қ.Тоқаев Бейтарап елдер қозғалысына мүше-елдердің сыртқы істер министрлерінің жыл сайынғы бас қосуы мен Ислам Конференциясы ұйымына мүше-елдердің сыртқы істер министрлерінің жыл сайынғы үйлестіру жиынына қатысады.

Сондай-ақ, Қасымжомарт Тоқаевтың БҰҰ бас хатшысымен, Германия, Франция, Бельгия, Корея Республикасы, Түркия, Ауғанстан және басқа да бірқатар елдердің сыртқы істер министрлерімен екі жақты кездесулері жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар