Жарияланды: 490

ҚР Сыртқы істер министрі ДИЭФ-ке Джибути елінен келген әріптесімен кездесті

Бүгін, 7 маусымда Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов біздің елімізге 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумына Джибути Республикасынан келген әріптесі Махмод Әли Юсуппен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында Е. Қазыханов Астанада еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толған тұсында және Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесіндегі төрағалығы қарсаңында «Исламдық давостың» өтуінің өзектілігін атап өтті. Қазақстандық сыртқы саясат ведомствосы басшысының айтуынша, бүгін ашылған форумға тіркелген қатысушылардың тізімі көптеген елдердің Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастығын дамытуға деген қызығушылығын көрсетеді. Осы орайда Е. Қазыханов пен М. Юсуп Қазақстан мен Джибути Ислам әлемі қауымдастығының толыққанды іскер мүшесі ретінде өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүдделілік танытып, ықпалдастық бағыттарының болашағын, атап айтқанда ауыл шаруашылық және көлік салаларындағы мәселелерді талқыға салды. Джибути министрі делегацияның сапары екіжақты байланыстардың кеңеюіне қажетті серпіліс беретінін атап көрсетті. «Қазақстан территориясы құрылықта орналасқан. Сондықтан кездесу барысында Қазақстанның парсы шығанағына шығу мүмкіндігі сөз болды. Қазақстан сонымен қатар Араб лигасының және Араб кеңесінің бақылаушысы мәртебесін алуға құлықты. Біздің ел бұл мәртебені алуға көмегін тигізетін болады»,-деді М. Юсуп. Тараптар экономикалық әлеуетін бағалау мақсатында екі елдің іскер топтары өкілдерінің өзара сапарлармен алмасу қажеттігін атады. ҚР СІМ басшысы Қазақстан Ислам конференциясы ұйымының төрағасы ретінде араб елдеріне олардың халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті тұрақтандыру мен нығайту жолында қолұшын беретінін атап өтті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін