Сессияның жабылуында сөз сөйлеген ҚР Сыртқы істер министрі атап өткендей, төрағалық кезінде біздің еліміз Таяу Шығыстағы мәселелерді, сондай-ақ Палестинаға қатысты мәселелерді шешуге белсенді ат салысуға мүдделі.
Сондай-ақ министр Қазақстанның ИЫҰ басқа да халықаралық ұйымдармен, атап айтқанда ШЫҰ, Түркі мемлекеттерінің кеңесі және тағы басқа ұйымдармен әріптестігін кеңейту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру туралы мүддесін мәлім етті.
«Біз Солтүстік Африкада бейбіт үрдісті алға жылжытып, ядролық қаруды және жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселесі бойынша жұмыс істеуміз керек», — деп түйіндеді сөзін Е.Қазыханов.