ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің Вашингтон қаласына сапары екі ел арасындағы конструктивті саяси диалогтың жоғары дәрежеде екенін дәлелдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің Вашингтон қаласына сапары екі ел арасындағы конструктивті саяси диалогтың жоғары дәрежеде екенін дәлелдеді

ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің Вашингтон қаласына сапары екі ел арасындағы конструктивті саяси диалогтың жоғары дәрежеде екенін дәлелдеді

Астана. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің Вашингтон қаласына сапары екі ел арасындағы конструктивті саяси диалогтың жоғары дәрежеде екенін дәлелдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 8 Қазан 2008
  • 980
Фото - Caravan.kz

23 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде ҚР сыртқы істер Министрі Марат Тәжин бастаған делегация БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы жарыссөзіне қатысты.

БҰҰ мінбесіндегі баяндамасында Қазақстан делегациясы басшысы қарусыздану және таратпау, наша тасымалдау және терроризммен күрес, климат өзгерісі, өркениеттер диалогы сынды өзекті аймақтық және әлемдік мәселелерде еліміздің ұстанымын жария етті.

Марат Тәжин энергетика және азық-түлік саласындағы Қазақстан ролінің өсуін және бұл салалардағы мүмкіндіктерімізді тиімді пайдалану қажеттілігіне баса тоқталып өтті.

Форум шеңберінде Қазақстан СІМ басшысы ЕҚЫҰ төраға-елдер квинтеті сыртқы істер министрлерінің, «Өркениет альянсы» және Азиядағы Серіктестік Диалогы достары тобының, Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымы, БҰҰ басшылығымен бірқатар кеездесулерге және шетелдік әріптестермен болған кездесулерге қатысты. Осы орайда халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның сыртқы-саяси бастамаларының халықаралық қоғамдық шараларына сіңірген еңбегі оң бағалануда.

БҰҰ штаб-пәтеріндегі Өркениеттер Алянсы «Достар тобының» сыртқы істер министрлері кездесуінде аталмыш ғаламдық түрік-испан бастамасының дамуына Қазақстанның қосқан үлесі жоғары бағаланды. Кездесуде сөз алған Словакия сыртқы істер министрі Ян Кубиш және ИКҰ бас хатшысы Экмелдин Ихсаноглу «Ортақ әлем: әртүрлілік арқылы алға жылжу» атты Азия, Африка және Европа елдері сыртқы істер министрлері халықаралық конференциясы туралы Қазақстан бастамасына оң көзқарастарын білдірді.

БҰҰ ның 63-сессиясында қаралған бәсең дамушы, дамушы, теңізге шығар жолы жоқ және кіші аралдық дамушы елдер жөніндегі Алматылық әрекеттер бағдарламасы және Алматылық Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымының алғашқы медициналық-санитарлық көмек декларациясы атты екі құжат Қазақстанның сыртқы-саяси ұстанымының символы болды.

Бас Ассамблея барысында Қазақстан Азиядағы Серіктестік Диалогы атты жанжақты Азиялық құрылымның төрағалығын қабылдады. Аталмыш ұйым сыртқы істер министрлері кездесуі осы жылдың қазан айында Астана қаласында өтеді деп жоспарлануда.

ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің Вашингтон қаласына сапары екі ел арасындағы конструктивті саяси диалогтың жоғары дәрежеде екенін дәлелдеді.

Жоғары деңгейде өткен АҚШ Вице-президентімен, мемлекеттік департаменттер және Ұлттық қауіпсіздік кеңесі басшыларымен болған кездесулер құрама штаттар басшылығының Қазақстан — АҚШ қатынастарына жоғары деңгейдегі көзқарастарын көрсетті.

Келіссөздер барысында екіжақты серіктестіктің маңызды мәселелерін дұрыс шешуге басты назар аударылды. Олардың қатарында ДСҰ кіруге байланысты келіссөздерді аяқтау, елімізді Джексон-Веник ықпалынан шығару және мемлекеттік жеке экономикалық серіктестіктің жаңа екіжақты тиімді механизмімен қаматамасыз ету сынды мәселелер бар.

Халықаралық мәселелер нақтырақ айтқанда, Орталық Азия аймағында жағдайлар турасында пікір алысу барысында АҚШ Ауғанстан халқы өмірін қалыпты жағдайға келтіруде көрсеткен ықпалы үшін Қазақстанға оң көзқарасын білдірді.

Қаруды таратпау , халықаралық терроризмге жол бермеу, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басқа да мәселелерде серіктестікті жалғастыру турасында уағдаластыққа қол жеткізілді.

Америка тарапына саясатта және әлеуметтік экономикалық өмірде жаңа әлемге сай өзгеруге бейім екендігімізді көрсететін «Европаға жол» бағдарламасы ұсынылды.

АҚШ сарапшылары қауымдастығы құрылымдарымен диалогқа ерекше көңіл бөлінді. Сол сияқты беделді Америка сыртқы саясаты бойынша ұлттық комитет, «Мұра» қоры және Халықаралық қатынастар жөніндегі ұлттық демократиялық институты сынды ми орталықтары басшыларымен бірқатар кездесулер өткізілді.

Сапар барысында сарапшылар және журналистер қауымы қызығушылығын тудырған Елбасының «Қазақстан жолы» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар