ҚР сыртқы істер министрі мен АҚШ мемлекеттік хатшысы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ сапарына дайындығы мәселесін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР сыртқы істер министрі мен АҚШ мемлекеттік хатшысы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ сапарына  дайындығы мәселесін талқылады

ҚР сыртқы істер министрі мен АҚШ мемлекеттік хатшысы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ сапарына дайындығы мәселесін талқылады

АСТАНА. 7 шілде. Kazakhstan Today. Осы күндері Вашингтонда жұмыс сапарымен жүрген ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев және АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күзге жоспарланған АҚШ-қа ресми сапары дайындығын талқылады, деп хабарлайды СІМ баспасөз-қызметі.

  • 7 Шiлде 2006
  • 472
Фото - Caravan.kz

Ресми сапар барысында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Джордж Бушпен келіссөздер жүргізеді. Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, екі ел президентінің кездесуі кең ауқымда өтеді.

Екі ел дипломаттары кездесу кезінде, Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынасты дамыту жайында және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылады. «Орталық Азияда Қазақстан және Нұрсұлтан Назарбаев жеке тұлға ретінде ерекше орын алады», — деп мәлімдеді мемелекеттік хатшы. К. Райс, АҚШ Астанаға интеграция мәселесінде және Орталық Азия мен АҚШ арасындағы сауда және инвестиция жөніндегі келісім-шарттың жүзеге асырылуына қолдау көрсететіндігін атап өтті.

Тараптар, Ауғанстанды орталықазия интеграциясына қабылдау қажеттілігі мәселесінде ортақ көзқарас білдірді. Бұл ретте Қ. Тоқаев екі жақты ынтымақтастық аясында, ауғанстан экономикасына қайтарымсыз инвестиция салып, Ауғанстанда қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге атсалысуға Қазақстанның дайын екендігін жеткізді.

Баспасөз-қызметінің таратқан хабарламасында «АҚШ, Қазақстан сыртқы істер министрлігі КХДР территориясында ұшырылған зымырандарға қатысты мәлімдемесін, жалпы Қазақстанның осы тұрғыдағы ұстанымын жоғары бағалады», – деп көрсетілген.

Сөз соңында Кондализа Райс, «саяси және әлеуметтік-экономикалық жолда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен үлкен жетістікке жеткен Қазақстан АҚШқа лайықты серіктес»,- деді.

Қ. Тоқаев өз кезегінде, Қазақстан АҚШ пен стратегиялық серіктестікті дамытуды құптайтындығын және арадағы ынтымақтастықты тереңдете түсуге ықтияр екенін мәлімдеген.

Перейти к новостям спорта