ҚР сыртқы істер министрі мен Нидерланды Корольдығының үкіметтік өкілдерінің кездесуінде екі жақты байланыстарды дамыту мәселесі талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР сыртқы істер министрі мен Нидерланды Корольдығының үкіметтік өкілдерінің кездесуінде екі жақты байланыстарды дамыту мәселесі талқыланды

ҚР сыртқы істер министрі мен Нидерланды Корольдығының үкіметтік өкілдерінің кездесуінде екі жақты байланыстарды дамыту мәселесі талқыланды

Бүгін, 8-қазанда ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Нидерланды Корольдығы сыртқы істер министрлігінің оңтүстік-шығыс және шығыс Еуропа істері жөніндегі директоры Ян Хукас Хоорн бастаған үкіметтік өкілдерін қабылдады.

  • 8 Қазан 2003
  • 460
Фото - Caravan.kz

ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында екі жақты қарым-қатынасты нығайту, екі елдің қазіргі сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастық ахуалы мен келешегі туралы мәселелер талқыға салынды. Тараптар аймақтық және халықаралық ынтымақтастыққа қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Бүгін сондай-ақ, Қазақстан сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев Украинаның Қазақстандағы тұңғыш елшісі, 2000-жылы 2-дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған Виктор Богатырьға Қазақстан Республикасының Украинадағы Құрметті консулы деген патент тапсырды.

Соңғы жаңалықтар