Жарияланды: 360

ҚР Сыртқы істер министрі мен ТМД-ның атқарушы хатшысы Достастық ұйымының мерейтойлық саммитіне дайындық мәселесін талқылады

Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Ержан Қазыханов бүгін Астанада ТМД атқарушы комитетінің төрағасы - атқарушы хатшысы Сергей Лебедевпен кездесті, деп СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Е.Қазыханов С.Лебедевті ШЫҰ саммитінің күн тәртібімен таныстырды, делінген бапасөз қызметінің хабарламасында. ТМД шеңберіндегі өзара байланысқа тоқтала отырып, Е.Қазыханов Қазақстанның Достастық кеңістігінде интеграциялық үрдістерді әрі қарай дамытуды жақтайтынын атап көрсетті. Осы орайда Е.Қазыханов Достастық елдерінің көпшілігінің мүддесін білдіретін маңызды мәселелердің бірі бойынша нақты нәтижеге жету үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған ТМД-ның "Бір жыл - бір тақырып" жұмыс қағидасы тиімді болғанын атап көрсетті. ТМД-ның алдағы 20 жылдығын атап өтуге байланысты ТМД-ның мерейтойлық саммитін дайындау мәселелері де қаралды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін