ҚР сыртқы істер министрі мен Түркия елшісі екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР сыртқы істер министрі мен  Түркия  елшісі екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР сыртқы істер министрі мен Түркия елшісі екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

АСТАНА. 2-наурыз.Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Марат Тәжин мен Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Хаккы Танер Себен екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 2 Наурыз 2007
  • 311
Фото - Caravan.kz

Дипломаттар сұхбат барысында сауда-экономикалық, құрылыс және энергетика саласындағы Қазақстан-Түрік ынтымақтастығын жандандыру мәселелері жөнінде сөз қозғады.

Тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуының 15 жылдығы қарсаңында өзара құттықтаулармен алмасты. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы наурыздың 2-сінде орнаған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті