ҚР Сыртқы істер министрі Мьянмадағы оқиғаға қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Сыртқы істер министрі Мьянмадағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

ҚР Сыртқы істер министрі Мьянмадағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Мьянмада орын алған оқиғаға байланысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 4 Қыркүйек 2017
  • 266
Фото - Caravan.kz

«Мьянмада мұсылман қауымының жағдайына байланысты алаңдаушылық білдіреміз. Бұл жердегі исламға кері тенденцияны байқап отырмыз. Осыған байланысты Ислам ынтымақтастығы ұйымы байланыс тобы секілді құрылымы Мьянмадағы ахуалды реттеуге белсенді тартылғаны өте маңызды. Сонымен қатар, ұйым өкілдері бұл елдің билік тарапымен диалогта болғаны өзекті», — деді министр тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев та Мьянмадағы оқиғаға байланысты өз пікірін білдірді.


«БҰҰ тарапы Мьянмадағы оқиғаларға қатысты өзінің ұстанымын жариялауы тиіс. Себебі жазықсыз көптеген мұсылмандар қатыгездік репрессиясының құрбанына айналуда», — деп жазды Тоқаев Twitter-дегі аккаунтында.