ҚР Сыртқы істер министрі Ослода орын алған лаңкесттікке орай норвегиялық әріптесіне жеделхат жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Сыртқы істер министрі Ослода орын алған лаңкесттікке орай норвегиялық әріптесіне жеделхат жолдады

ҚР Сыртқы істер министрі Ослода орын алған лаңкесттікке орай норвегиялық әріптесіне жеделхат жолдады

ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Ослодағы қайғылы оқиғаға байланысты Норвегия Корольдігінің Сыртқы істер министрі Йонасу Гар Стереге жеделхат жолдады. Бұл туралы бүгін елордада ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті.

  • 26 Шiлде 2011
  • 403
Фото - Caravan.kz

«Норвегиядағы қайғылы оқиға нәтижесінде көптеген адамдар, соның ішінде жас адамдардың қаза болғаны туралы хабарды терең қайғы мен үрейлі қабылдадым. Көпұлтты Қазақстан өзімен бірге еш кінәсі жоқ адамдарға өлім мен қайғы алып келетін экстремизм мен лаңкестіктің барлық формасы мен көрінісін қатты сынайды. Осы күндері Қазақстан халқы норвег халқымен бірге. Қаза тапқандардың отбасына, туған-туыстарына біздің шын көңіліміз бен қолдау сөздерімізді жеткізуіңізді сұраймын», — делінген Е.Қазыхановтың жеделхатында.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жұмада Норвегияда екі лаңкестік оқиға орын алды. Алдымен Осло орталығындағы Премьер-министр кеңсесі орналасқан үкіметтік ғимараттар кешені маңында жарылыс болды. Полиция мәліметтері бойынша, жарылыстан сегіз адам көз жұмып, 19 адам жараланған.

Осы оқиғадан кейін бірнеше сағат өткен соң ел астанасына жақын орналасқан Утейя аралындағы Еңбек билік партиясының жастар лагерінде полицей боп киінген бейтаныс жігіт демалып жатқандарға қарсы оқ атқан. 32 жастағы норвегиялық азамат Андерс Беринг Брейвиктің лаңкестік әрекетінен кем дегенде 90 адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар