«Қазақстан нақты бір кандидатқа таңдау жасаған қырғыз халқының еркіне құрметпен қарайды. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті болып сайланған Сооронбай Жээнбековке жылы лебізін білдіріп, құттықтау жеделхатын жолдады»,-деп тоқталды министр.
Осы орайда Әбдірахманов Қазақстан ары қарай да көрші мемлекетпен дипломатиялық байланыстарды нығайтуға ниетті екенін атап өтті.
«Қырғызстанның жаңа Президенті көрші елдермен қарым-қатынасты нығайтуға жауапкершілікпен қарайтынын байқатты. Сонымен қатар Қазақстан өз кезегінде Қырғыз Республикасымен достық пен ынтымақтастықтың өзара тиімді әрі тату көршілік қатынастарды бұдан ары қарай нығайтуды ұстанатындығын растайды»,-деді Қайрат Әбдірахманов.